Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Республикалық бюджетте және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік аударымдар есебінен қанша қаражат жинақталғаны белгілі болды.
Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 448,6 млрд теңге төленді, бұл салық түсімдерінің 7,7%-ы (5,8 трлн теңге) немесе сегіз ай ішінде бюджетке түсетін барлық түсімдердің 7,4%-ына (6 трлн теңге) тең.
2018 жылы әлеуметтік салық 618,5 млрд теңгені, ал 2017 жылы – 576,6 млрд теңгені құрады. 2014-2019 жылы (тамызды қоса алғанда) қазақстандық компаниялар 3 трлн теңгеге әлеуметтік салық төледі.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 5,6 млн жұмысшы 118,7 млрд теңге сомасында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлем жасады. Өз кезегінде 2018 жылы 6,1 млн қызметкер 231,7 млрд теңге төледі, ал 2017 жылы 5,9 млн жалдамалы қызметкер 279,8 млрд теңгеге қорды толықтырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024