Алматы. 6 қаңтар. 7kun.kz – 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға өсіп, арттырылған мөлшерде тағайындалады деп күтілуде.
Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалуы жоспарлануда.
Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024