Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген ерлі-зайыпты сотталды
CҚО. 3 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген Петропавл қаласының екі тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ерлі-зайыптылар «Чат Рулетка» қосымшасына кіріп, Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосуға үндеген.
«Ерлі-зайыпты кінәсі іс материалдарымен расталып отыр. Өздері кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен заңсыз әрекеті дәлелденді. Бейнежазба да бар. Ол жерде қылмыстық тәртіп бұзушылық тіркелген. Кешенді психологиялық-филологиялық сараптама жасалды», – деді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.
Сотқа ерлі-зайыптының заңсыз әрекетіне қатысты іс түскен. Екеуі Қылмыстық кодекстің 180-бабы (Сепаратистік әрекет) бойынша жауапқа тартылды.
«Сотрбіреуін бес жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Олар өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024