
Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәскеуге барып, өзінің ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады дүйсенбіде Үкіметтің баспасөз қызметі.
"Премьер-министр Мәскеуге жұмыс сапарымен кетті. Әлихан Смайылов РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздер жүргізеді",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.