Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Литваның жүздеген қарапайым тұрғындары Украина үшін Ресейге қарсы соғысқа деп Bayraktar ұшқышсыз аппараттарын сатып алуға ақша жинады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Euronews агенттігінің хабарлауынша, литвалықтар әскери техниканы сатып алуға қажетті 5 млн еуроны үш жарым күнде жинаған. Ол соманың көпшілігі 5-тен 100 еуроға дейін берген қарапайм адамдардың жинағаны. Bayraktar ТВ2 маркалы техниканы сатып алуға қажет 5 млн еуро керек деп Литваның Laisves TV интернет компаниясы жария еткен.
Соңғы жылдары аталған аппараттар әскери жағдайда өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген. Сондықтан Литва билігі Bayraktar ұшу аппаратын Түркиядан сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Украина Түркияның Bayrak компаниясынан 20-дан астам Bayraktar ТВ2 аппаратын сатып алып, 27 қаңтарда тағы 16 данасына тапсырыс берген. Олар наурыз айның басында Украинаға жеткізілді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024