Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

LiveJournal Қазақстанда қайта қолжетімді

LiveJournal  Қазақстанда қайта қолжетімді
Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті осы жылдың 11 қарашасынан бастап ел аумағында LiveJournal блог-платформасына қайта кіруге мүмкіндік беретін шешім қабылдады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.  "Қазақстан Республикасының сот органдары ресурста жарияланған қарама-қайшылық материалдарды жою қажет деген талап орындалғаннан кейін LiveJournal блог-тұғырнамасы қайта қолжетімді болды. Ресурс өкілдері терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған, террорлық актілер мен жарылғыш заттар жасауға шақырған материалдар өшірілгенін жеткізді",-делінген хабарламада.
2011 жылдың 20 тамызында Астана қаласының Сарыарқалық соты терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған, террорлық актілер мен жарылғыш заттар жасауға шақырған материалдар  таралуына байланысты бұл ресурсты ел аумағында жабу туралы қаулы қабылдаған еді. LiveJournal - онлайн-күнделік жүргізуге, өз жазбаларын қалдырып, өзгелерге пікір айтуға мүмкіндік беретін платформа. Қазақстан аумағында жабылғанға дейін қолданушылар саны бірнеше мыңнан асқан еді.

Похожие материалы