Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Ливияның екі ірі кен орны өндірісті тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мұнай бағасы өсуді жалғастырды – дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «Brent» мұнайының құны барреліне $113,2 (+1,3%) дейін көтерілді.
Негізгі себеп – Ливияның ең ірі аш-Шарара кен орнында форс-мажордың орын алуы болды. Қазіргі уақытта ондағы өндіріс тоқтатылды, ал Ливия мемлекеттік мұнай компаниясы келісімшарт міндеттемелерін орындау мүмкін еместігін мойындады.
Премьер-Министр Абдель Хамид Дбейбаға қарсы наразылықтарға байланысты Ливияның екі порты мұнай жөнелтуді тоқтатты, сондай-ақ өнімділігі күніне 65 мың баррель болатын Эль-Филь кен орнында өндіріс тоқтатылды.
Айта кетейік, қазір Brent маркалы мұнай барреліне 112,60 долларға саудалануда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024