«Үлкен төрттіктің» халықаралық сарапшылары Qazkom-ның екі өнімін наградамен марапаттады
Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк халықаралық Asian Banking & Finance басылымының екі номинациясы бойынша үздік деп танылды.
Халықаралық Deloitte, Ernst and Young, KPMG және PwC консалтинг компанияларының өкілдерінен құралған арнайы қазылар алқасы Қазкоммерцбанктің екі инновациялық өнімін: «Үздік мобильді бастама - 2018» номинациясында QR-код төлемін және «Үздік инновациялық бастамасы - 2018» номинациясында бөліп төлеу арқылы сатып алу Homebank Orange бағдарламасын наградамен марапаттады (Digital Banking Initiative of the Year).
Байқаудың әділ қазылар алқасына әлі де операциялары қолма-қол ақшамен орындалатын Қазақстанның банк секторында жаңа технологияларды енгізуді мақсат еткен Қазкоммерцбанктің жетістігі әсер етпей қоймады. Сарапшылар банктің инновациялардың көшбасшысы болуы үшін нарықтағы трендтерді, әлемнің үздік тәжірибелері мен тұтынушылардың қажеттіліктерін ескеретінін атап өтті.
«Біз банк тарихындағы соңғы наградаларымызды бізді заман талабына сай, тіпті бір қадам алдыға жүруге жетелейтін клиенттерімізге арнаймыз. 20 жыл бұрын Қазкоммерцбанк бірінші болып, интернет-банкингті, 15 жыл бұрын – ТМД елдерінде чиптік карта мен cash in банкоматтарын, 5 жыл бұрын қазақстандықтарға контактісіз төлемдерін іске қосқан, ал жарты жыл бұрын алғашқы QR-код төлемдерін ұсынған еді. Бүгінгі күні біз Қазақстанның Халық Банкімен бірігудің соңғы кезеңіндеміз және біз біріктірілген банкке өз технологиямызбен бірге инновациялық және жетекшілік рухымызды сеніммен алып келеміз», - деді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.
Қазкоммерцбанк 2017 жылы халықаралық Visa төлем жүйесінің мобильді шешімінің негізінде QR-код арқылы төлем сервисін енгізген әлемдегі банктің бірі болды. Қазіргі кезде бірқатар мемлекеттер ғана, солардың ішінде Үндістан мен Сингапур QR-төлемдерін кеңінен пайдаланып келеді.
Банктің Digital Banking Initiative of the Year наградасына ие болған екінші сервисі ePay онлайн-төлем сервисі мен интернет-порталымен біріктірілген - Homebank Orange бағдарламасы. Бұл бағдарлама банктің кредит карта ұстаушыларына банктің серіктестер желісінде ыңғайлы шарттарымен тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024