Экономика
Выбор редактора
Lotte Confectionery Co компаниясы "Рахаттың" қалған акцияларын сатып алады
Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – "Рахат" фабрикасының негізгі акционері Lotte Confectionery Co компанияның айналымда қалған 7,56% жай акцияларын сатып алатынын жариялады.
"Lotte Confectionery Co. LTD компаниясы "Рахат" кондитерлік фабрикасының айналымда қалған 7,56% жай акцияларын сатып алу туралы хабарлайды және миноритарлық акционерлерге осы хабарлама жарияланған күннен бастап (15 қаңтар) отыз жұмыс күні ішінде оларға тиесілі "Рахат" акцияларын сатуды ұсынады. Миноритарлық акционерлерден акция сатып алуға ұсынылатын баға - 20 228 теңге", - деді фабрика өкілдері. Сатып алынатын акциялардың жалпы саны - 272 мың 13 дана. Осылайша, 7,56% акция 5,5 млрд теңгені құрайды. "Рахат" жай акциялары бойынша соңғы 10 мәміле қағазына 5100-7000 теңгеден бастап бағаланғанды. Бұл мәмілелер 2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айына дейін жүзеге асырылды. Ал ағымдағы ұсынылған баға миноритарлық акционерлер үшін тиімді. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 8 қаңтарында KASE-де Lotte Confectionery Co компаниясы фабриканың 92,44% акциясын (3,3 млн дана) сатып алғаны туралы ақпарат жарияланды. KASE мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Рахаттың таза табысы 4,7 млрд теңгені құрады. Жиынтық активтер 43,1 млрд теңгеге бағаланды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024