Экономика
Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін конвертациялау тәртібі туралы хабарлады
"Нұры Жол" бағдарламасы мен басқа да трансферттерді қаржыландыру үшін Ұлттық қор қаржы бөлуін жалғастырады. Бұл туралы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы уақытқа дейін Қордан қаражатты конвертациялау үшін Ұлттық Банк теңгені Қаржы министрлігінің шотына аудара отырып және валюта нарығында артық долларды сата отырып, алтын валюталық активтердегі долларды сатып алды.
"Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығында АҚШ долларын Қордан конвертациялайды. Осы жылдың 31 қазанына дейін валюта нарығында кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарлануда. Сатылған доллар көлемі айдың соңында жарияланатын болады", - дейді Ұлттық банк хабарламасында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024