Алматы. 27 қазан. 7kun.kz - Ұлттық банк 2017 жылғы 8 айда 6,5 мыңнан астам өтініш қараған. 2016 жылы 13 мың болған. Өтініштің негізгі үлесі (95%) банк секторына тиесілі. Бұл туралы Сенат ғимаратында өткен дөңгелек үстелде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді.
Алпысбай Ахметов қаржылық қызметтерді тұтынудың өсуіне қарай Ұлттық банкке өтініш жасаудың да өскендігіне таңдануға болмайтындығын айтады.
«Қаржылық қызмет түрінің кеңеюіне және күрделенуіне қарай қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініш жасау тақырыбы да өзгеріп отыр. Ұлттық банк 2016 жылы 13 мың өтініш қараған еді. 2017 жылғы 8 айда 6,5 мыңнан астам өтініш қаралды. Бұл ретте өтініштің негізгі үлесі (95%-тен астамы) банк секторына тиесілі. Өтініштерді негізге ала отырып, қаржы ұйымдарына шаралар қабылданады", - дейді ол.
Оның айтуынша, өтініштердің себебін талдау заңнамадағы кемшіліктерді анықтауға және тұжырымдамалық тәсілдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024