Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазинвестбанк" АҚ лицензиясынан айырылды

"Қазинвестбанк" АҚ лицензиясынан айырылды

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкі «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырды. Бұл туралы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шешім аталған банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының) 48-бабы 1-тармағының в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі орындамағаны үшін қабылданған.

2008 жылғы 21 наурыздағы № 221 лицензияда бүгіннен бастап күшін жойды.

Ұлттық банк хабарлауынша банктің активтері мен міндеттемелер үлесінің төмен болуына байланысты (0,7%) банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдары үшін тәуекелдерге әкелмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен»Қазинвестбанк» АҚ уақытша әкімшілік тағайындалған. Оған Банкті басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері өтті.

Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Бүгіннен бастап клиенттердің және банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды.

Бұдан ары қарай Ұлттық Банк заңнамада белгіленген тәртіппен Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа өтініш жасайды.

Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап банкті ұстап тұруға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тек тарату өндірісінде ғана ұсынылуы мүмкін.

Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, осыған орай депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемі төленетін болады. Уақытша әкімшілік қызметінің барлық мәселелері бойынша Уақытша әкімшілік басшысы – Д.М. Зинуллинаға не Басшысының орынбасары А.Л. Отцоваға +77012224736 телефоны бойынша өтініш жасау қажет. Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 330 00 77 «жедел желі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

Похожие материалы