Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк басшысы ақпандағы теңгенің нығаюына түсініктеме берді

Ұлттық Банк басшысы ақпандағы теңгенің нығаюына түсініктеме берді

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Ақпанда валюта нарығында теңге позицияларының нығаюы байқалды. Бір ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 3,5%-ға, ал жылдың басынан бері 6,2%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. 

 «Іргелі факторлар мен мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің нығаюына әсер етеді. Олардың деңгейі бір баррель үшін 55 АҚШ долларынан жоғары тұрақтандырылды. Оған ОПЕК елдерінің және басқа мұнай өндіруші елдердің жасалған келісімдері нәтижесінде мұнай өндіруді шектеу ықпал етті», — деді Данияр Ақышев. Ол Ұлттық Банктің деректерін келтірді, соған сәйкес Ресей рублі осы аяда ақпанда бір АҚШ доллары үшін 60,2 рубльден 57,9 рубльге дейін 3,7%-ға нығайды.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, ақпанның екінші жартысынан бастап нарықтағы шетел валютасы арақатынасына маусымдық фактор әсер етті. Ол – «салықтық апта». «Экспортер түсім бөлігін салық төлемдерін төлеу үшін сатты. Бұл доллардың ұсынысында көрінді және қалыпты сұраныстың аясында теңгенің қосымша нығаюына ықпал етті»,-деді Д.Ақышев. — Ақпанның соңғы күндерінен көрініп тұрғандай, «салықтық апта» аяқталғаннан кейін теңге бағамы біршама түзетілді. Белгілі бір түзетулер наурызда да болуы мүмкін. Қазіргі мұнайдың жағдайы теңге курсына оң әсер етеді. Сондықтан бағам күрт құбылып кетеді деп күту қажет емес.

Похожие материалы