Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк басшысы ішкі қаржы нарығындағы ахуал туралы айтып берді

Ұлттық банк басшысы ішкі қаржы нарығындағы ахуал туралы айтып берді

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Ақпанда алдын ала деректер бойынша Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 0,3 пайызға өсіп, 31,4 млрд АҚШ доллары болды. Ұлттық қордың валюталық активтері 59,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Елдің халықаралық резервтері жиынтығында 90,8 АҚШ млрд долларды құрады.

«Ақша нарығында артық өтімділік сақталды. Ол проинфляциялық қысымды шектеу мақсатында көп жағдайда ноттарды шығару арқылы алынады. Ақпанның соңында Ұлттық банктің өтімділікті таза алуы (ашық позиция) 3,1 трлн теңге болды. 2018 жылғы ақпанның соңында айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 26 пайызға ұлғайып, 4 трлн теңге болды. Ақпанда ноттар бойынша кірістілік мерзімділігіне қарай 8,67-9,02 пайыз аралығында болды», - деді Д. Ақышев. Сонымен бірге, ол ҚРҰБ ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 151,3 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша – 185,3 млрд теңге, Ұлттық банктегі банк депозиттері – 282,4 млрд теңге болғанын айтты. TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төмен шегіне жақын қалыптасады. 2018 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша ол 8,76 пайыз болды. Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы