Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 11 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 11 пайызға дейін төмендетті

Астана. 20 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық банк +/-1% дәлізі бойынша базалық мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Оның айтуынша, мөлшерлемелер өтімділікті қамтамасыз ету операциялары бойынша 12%-ды және өтімділікті алу бойынша 10%-ды құрайды. Ұлттық банк мұндай шешімді сыртқы факторлардың позитивті жағдайларына байланысты қабылдады.

"Бұл әлемдік мұнай бағасының 50 долларға дейін көтерілуімен, әлемдік экономикалық перспективалардың және сауда серіктестердің шектеулі инфляциялық деңгейінің жақсаруымен байланысты. Ішкі факторлар бойынша, инфляция деңгейі бәсеңдеді, халықтың девальвациялық пікірлері оңалып келеді, банктердегі салымдар долларсыздана бастады", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, алдағы уақыттағы шешімдер қаржы секторындағы тұрақтылық пен ішкі сұраныстағы фундаменталды факторларың динамикасына байланысты болады. Айта кетейік, 2017 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені  12% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған.

Похожие материалы