Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк 101 млн долларға интервенция жүргізді

Ұлттық банк 101 млн долларға интервенция жүргізді

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz - Ұлттық банк биылғы 21 және 22 маусымда 101 миллион долларға интервенция жүргізген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылдың маусымында мұнай бағасының төмендеу және ресейлік рубльдің әлсіреу үрдісі болды, бұл ішкі валюталық нарыққа да әсер етті. 21 маусым күні Brent маркалы мұнай бағасы жыл басынан бергі минималды көрсеткіш - бір баррелі 45 долларға жетті. Ресей рублінің бағамы іргелі фактордың өзгеруіне тез арада ден қойды, валюта 1 АҚШ доллары үшін 60 рубльге дейін әлсіреді.

Теңгенің құбылмалылығын шектеу үшін, Ұлттық Банк АҚШ долларына деген көп сұранысты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Яғни, KASE-те 101 млн доллар сатылды. Қаржылық өктемдіктер шетелдік валютаға сұраныстың шарықтаған кезінде өткізілді: 2017 жылдың 21-22 маусымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық Банк Қазақстанның ішкі валюта нарығы жоғары құбылмалылыққа ұшырауы мүмкін екендігін ескерткен. Ұлттық Банк айырбастау бағамы бойынша, валюта бағамының тұрақсыздыққа әкелетін күрт өзгеруінің алдын алу мақсатында валюта нарығында өктемдіктер жүргізу құқығын сақтаған еді.

Похожие материалы