Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Delta Bank-тің лицензиясын қайтарып берді

Ұлттық банк Delta Bank-тің  лицензиясын қайтарып берді
Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық банк басқармасының № 318 қаулысымен «Delta Bank» АҚ қоғамына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия қайта күшіне енді. Бұл туралы ҰБ хабарлады. Еске салайық бұған дейін реттеуші аталған лицензияны уақытша тоқтатқан еді. Delta Bank-пен бірге Қазинвестбанк лицензиясы да алынған. Алайда оның лицензиясы қайтарылмады. 2016 жылдың 26 желтоқсанында банк негізгі лицензиясынан айырылды. Бүгін сондай-ақ S&P Global Ratings Delta Bank-тің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін төмендеткені белгілі болды. Сонымен қатар ұлттық өлшем бойынша банк рейтингі "kzBB+" деңгейінен"kzВ-" деңгейіне, кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыздар рейтингі "В" деңгейінен "ССС+" деңгейіне дейін төмендеген.  

Похожие материалы