Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанның сыртқы қарыз көлемі 4,2 млрд АҚШ долларына, оның ішінде 2017 жылғы 2-тоқсанда 2,4 млрд АҚШ долларына ұлғайды, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.
Данияр Ақышев мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы, негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,4 млрд АҚШ долларына өскендігін айтады.
«Банктердің» (екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелері» еурооблигацияларды және қолданыстағы қарыздарды жоспарлы өтеу салдарынан 1,0 млрд АҚШ долларына қысқарды. Фирмааралық берешек, негізінен мұнай-газ жобаларын бұдан әрі қаржыландыру және тікелей инвесторлар алдындағы төленбеген дивидендтер және қарыздар бойынша сыйақы бойынша берешектің өсуі есебінен 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайды», - деп хабарлады қаржы реттеушісінің басшысы.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) және тауарлар мен қызметтер экспорты (ТҚЭ) көлемінің өсуі сыртқы қарыздың салыстырмалы түрдегі өлшемдерінің жақсаруына ықпал етеді: 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы қарыздың ІЖӨ-ге қатынасы жыл басындағы 119,3%-пен салыстырғанда 112,4%-ті, сыртқы қарыздың ТҚЭ қатынасы – 375,8% салыстырғанда 336,6% болды.
Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024