Экономика
Ұлттық банк ескі банкноттарды тезірек айырбастауға шақырады
2016 жылдың 3 қазанында 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 номиналды банкноталардың жарамдылық мерзімі аяқталады. Көрсетілген датаға дейін бұл банкноталармен еш шектеусіз кез келген қаржы операциясын іске асыруға болады. Бұл туралы kapital.kz жазды.
«Бұл банкноттардың жарамдылық мерзімі аяқталғанын күтпей Ұлттық банктің кез келген филиалында ауыстыруға болады. Сосын 2016 жылдың 4 қазаны мен 2017 жылдың 3 қазан аралығында бұл банкноталарды екінші деңгейлі банктерде ауыстырып береді. Ұлттық банктің кез келген филиалында 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 3 қазанына дейін ешқандай комиссиясыз, үстеме төлемсіз қабылданады», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Банкноталарды ауыстырып беруден бас тартқан шағын кәсіпкерлікпен айналысатын, я коммерциялық емес ұйымдар 5 АЕК мөлшерінде, орта кәсіп иелері - 10 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер 25 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар ақша айырбастаудан бас тартса, 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Ақша айырбастаудан бас тарқандар фактісі туралы ішкі коммуникациялар мен қаржы қызметтерін тұтынушылар құқын қорғау басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефонымен, қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі басқармамен +7 (727) 259 68 14 номері арқылы байланысуға болады.