Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк: Forex нарығы бақылауға алынады

Ұлттық банк: Forex нарығы бақылауға алынады

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық банк Forex-брокерлердің қызметін қадағалау мақсатында «Валюталық бақылау мен валютаны реттеу туралы» заңжобасын әзірледі. Бұл туралы LS жазды.

Ұлттық банктің айтуынша, қазіргі уақытта брокерлер  мен дилерлерге шетелдік валюталық және қор нарығына байланысты келіссөздерде консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету құқын беру мүмкіндігі қаралап жатыр. Нарық қатысушыларына, сондай-ақ клиент атынан оның мүддесі үшін (немесе) я клиент есебінен келіссөздер жүргізу қызметтері де берілуі мүмкін.

«Жұмыс істеп жүрген брокерлер мен дилерлердің операциялық мүмкіндіктермен жұмыс істеуі жоғары деңгейде әрі олар тәжірибелі, сондықтан осы мәселені қарап жатырмыз. Бұдан бөлек, олардың жұмысы қаржы қызметіндегі клиенттердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғайтын  Ұлттық банктің қадағалауына алынады», - деді орталық банк.

Ұлттық банк заң жобасы жұмыс топтарының мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастық өкілдерінің өкілдерімен өтетін жиындарында қызу талқыланып жатқанын айтты.

Бақылаушы банк Forex нарығында делдалдық және консультатциялық қызмет көрсететін  ұйымдардың саны көбейіп келе жатқанын байқалатынын жеткізді.

Айта кетейік, Forex нарығын бақылау туралы 2016 жылдың соңында да айтылған. Оған сәйкес, аталған сектордағы ойыншылар бұдан былай өз қызметтерін жарнамалауға тыйым салынатын болған. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков орталық банк құзырлы органдар тарапынан да капитал ашықтығына және қаржыны жасыруға қатысты ақпараттардың тексерілуін қалап отырғанын айтқан.

«Біз олардың қандай-да бір заңсыз, көлеңкелі жерден қаржыланбайтындықтарына куә болғымыз келеді. Яғни акционерлер қаржыны алатын барлық дереккөздерін заң жүзінде дәлелдеуі тиіс. Бұл банктен алынған кредит болмауы тиіс. Банктердің емес акционерлердің ақшасы болуы қажет», — деген еді ол.

 

Похожие материалы