Ұлттық банк Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын қабылдады
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру үшін ҚР Үкіметі және Ұлттық банк ипотека борышкерлерінің проблемаларын шешу мақсатында Ұлттық банк қаражатынан 130 млрд теңге бөлу туралы шешімді қабылдады. Ұлттық банк "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға қосымша қаржы бөлетін болды, ал қор өз кезегінде екінші деңгейлі банктерде мерзімі 20 жыл, сыйақы мөлшерлемесі 2,99% депозиттерді орналастырады деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарлама осы жылдың 10 сәуірінде мақұлданды.
Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, бұл қаражатты банктер жеке тұлғалардың тұрғын үй ипотекалық және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға бағыттайды.
Бағдарлама борышкерлердің барынша көп санына ипотекалық қарыздарды өтеу жағдайларын жұмсартуға; проблемалық кредиттердің деңгейін төмендетуге; экономика долларлануының деңгейін төмендетуге бағытталған.
Бағдарламаның негізгі параметрлеріне сәйкес, борышкердің және оның жұбайының (жолдасының) жалғыз тұрғын үйі кепіл болатын, 2004 жыл мен 2009 жыл аралығында берілген тұрғын үй ипотекалық/ ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылатын болады.
Қарыздар мына шарттар бойынша қайта қаржыландырылады: сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 3%; валюталық қарыздардың теңгеге айырбасталуы; қарыз мерзімін 20 жылға дейін арттыру.
Бағдарлама қарызды қайта қаржыландыру кезінде банктерге жақсартушы жағдайларды енгізуге мүмкіндік береді, мысалы, берешек бойынша негізгі қарыз есептен шығарылуы мүмкін.
Бұл бағдарлама, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлерге; тұрғын үй ипотекалық/ ипотекалық қарыздарын шетелдік валютада алған борышкерлерге; тұрғын үй ипотекалық/ ипотекалық қарыздарын ұлттық валютада алған және мерзімі өткен берешектері бар борышкерлерге бағытталған.
Сонымен қатар қайта қаржыландыру бағдарламасының аясына заңды күшіне енген сот актілері бар тұрғын үй ипотекалық/ ипотекалық қарыздар кіреді.
Борышкерге түсіп тұрған қарыз салмағын жеңілдету мақсатында негізгі қарыз қалдықтары қайта қаржыландырылады, бұл ретте сыйақы, комиссиялар, қайта қаржыландырылған қарыз жөніндегі борышкер айыпақысы бойынша есептелінген берешекті банкер кешіретін болады.
Бағдарлама аясында шамамен 20 мың қарыз қайта қаржыландырылады, соның ішінде борышкерлердің 5 мың қарызы халықтың әлеуметтік осал санатына жатқызылып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024