Қазақстан Ұлттық банкі валюта айырбастау құзыретін тек банктерге ғана қалдырып, өзгелеріне тыйым салуы мүмкін, деп жазады 365info.
Сайттың жазуынша "Валюталық реттеу және валюталық бақылау" бойынша заң жақын арада өзгеруі мүмкін. Бұл арқылы Ұлттық банк жекеменшік айырбастау пункттерінің жұмысына толығымен тыйым салмақ. "Асыл-Инвест" АҚ сараптама департаментінің директоры Айвар Байкеновтың сөзінше, айырбастау бөлімшелерін айырбастау операцияларын өткізу құқығынан айыру ұлттық экономиканы долларсыздандыруға ықпал етеді. -Айырбастау пункттері ұзақ уақыттан бері реттеуіштің назарында келеді. Соңғы уақыттағы жағдайлар биліктің бұл жүйені тіпті алып тастау қажет деген ниетін күшейте түсті. Олардың уақыты бітті деп айта беруге болады. Бұл бағыттағы негізгі агенттер банктер болмақ. Шетелдік валютадан бағыныштылықты азайту қаржы жүйесін және жалпы алғанда экономиканы қалпына келтіру үшін қажет. Ақша-несие саясаты тиімсіз жүргізілуі және ұлттық валютаға деген сенімділіктің болмауы теңге активтерінің құнының түсуіне әсер етеді. Мұндай жағдайда теңге өтімділігінің тапшылығы пайда болып, ол банк секторындағы тоқырауға әкеледі,-деді маман. "Альпаридің" бас сарапшысы Анна Бодрова да бұл дұрыс шешім деп есептейді. " Жеке айырбастау пункттерін бұрын жауып тастау керек еді. Бұл банк жүйесін тазартады. Валюталық операцияларды арнайы рұқсаттары бар, ішкі ұйымдарда жүргізу қажет", - дейді ол. Ұлттық банк айырбастау пункттерін көлеңкеге қуып жатыр Ұлттық банк осыған дейін ақшаны ұлттық валютада сақтау керек деп атап келді. Халық банкирлерді тыңдайды, бірақ бәрін керісінше істейді. Айырбастау пункттері қызметкерлерінің атап өтуінше, соңғы уақытта айырбастау операцияларына деген сұраныс артып келеді. - Валютаға деген сұраныс көп. Адамдар үнемі доллар мен еуроны сұрап келеді. Шетелдік валюталарды сатып алғысы келетіндер күн санап көбеюде. Олардың табыстары азайғанына қарамастан, бәрібер келіп 100 немесе 200 доллардан сатып алып жатыр,-дейді Алматыдағы айырбастау пункт қызметкерлерінің бірі. Айырбастау бөлімшелерінің иелері егер Ұлттық банк олардың әрекетіне тыйым салса, валюта саудасының көлеңкелі айналымы өсе түседі деп есептейді. - Мұндай шаралардың енгізілуі айырбастау пункттерін "көлеңкеге" әкетеді. Қазір біз ресми түрде жұмыс істеп жатырмыз. Айырбастау операцияларын қатаңдату бизнес пен халықты "жертөле астындағы пункттерге" баруға мәжбүрлейді. Бізде тіпті Өзбекстандағыдай екі валюта курсы болуы мүмкін. Біреуі банк жариялаған ресми курс, екіншісі көшеден ауыстырып алатын курс болады, -деді Алматыдағы айырбастау бөлімшесінің иесі. Фото:interfax.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024