Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz - «Қазкоммерцбанк» АҚ реттеу талаптары мен клиенттердің міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Ұлттық Банк басқармасы осыған дейін «Қазкоммерцбанк» АҚ-қа банктің жүйелік маңыздылығын ескере отырып 400,8 млрд теңге сомаға қысқа мерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Банктің мәліметінше, қарыз банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді. Бүгінгі күні банк өтімді активтердің жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді.
«Қазкоммерцбанк» АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттың жартысын қайтарды. Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым бағыттарының бірі болып табылады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Осыған байланысты Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеңберінде акционерлермен, оның ішінде «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024