Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық банкі RBK банкінің акционерлерімен ғана емес, сондай-ақ қаржы институтының кредиторларымен мәселелерді талқылауға дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«Біз банктегі жағдайға байланысты банктің акционерлерімен ғана емес, сонымен бірге барлық кредиторлармен талқылауға дайынбыз. Онда Квазимемлекеттік компаниялардың, жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары өте көп. Сондықтан осы нюанстарды ескере отырып, қазір үкіметпен және квазимемлекеттік холдингтермен ақылдасамыз", - дейді ол.
Ұлттық банк "Bank RBK" АҚ-мен оның ірі қатысушыларына қатысты шектеулі және мәжбүрлі шаралар қабылдады. Яғни банктің қаржылық қамтамасыз ету шаралары бойынша жоспарын талап етті.
Ұлттық банктің дерегінше, 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қаржы институты өтімділікке қойылатын талаптарын орындамай келеді. Банктің несие портфелі (негізгі қарызы) 723 млрд теңгені құрады. Мерзімі өткен қарызы 18,8% немесе 130,1 млрд теңге болды. Сонымен бірге мәселелі несиелердің деңгейі (NPL) банктің жалпы портфелінің 8,1%-на немесе 58,9 млрд теңгеге жетті.
2017 жылдың сегіз айында тұтынушылардың салымдары 24,1% төмендеп, 587,8 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 381,9 млр теңге болды.
RBK банкінің жалпы міндеттемелері 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 2%-ға (18 млрд теңге) азайып, 920 млрд теңгені құрады. Банктің міндеттемелері құрылымында тұтынушылар салымының үлесі басым (64% пайыз).
Өткен аптада «RBK Bank» банк қаржылық жағдайын нығайтуға бірқатар шаралар әзірлегенін хабарлаған еді. Бұдан бөлек, Bank RBK және Qazaq Banki бірікпейтіндігін мәлімдеген.
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Bank RBK» акционерлері: "Фонд-Инвест» ЖШС (19.04%), Фарид Люхудзяев (9,53%),, Темир Джумаев (9,25%), Дінмухамет Идрисов (7,52%), "Нұр-Эксперт НС" (6,97%), Владимир Ким (6,75% ), Уәлихан Нұрмұхамедов (6,74%), Бахаридин Аблазимов (5,5%), Игорь Мажинов (5,51%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024