Ұлттық банк резервтерін сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын азайтады. Бұл туралы реттеуіштің баспасөз қызметі хабарлайды.
"2015 жылдың қыркүйегі мен қазанында Ұлттық банк 20 тамызда жарияланған теңге курсының еркін айналымына өту деген бағыттан бұрылып, валюта нарығында валюта сатуды бастады. Ұлттық банктың саудаға қатысу үлесі 60 пайызға жетті. Ұлттық қор мен банктың алтын-валюталық активтері арқылы 5 млрд доллар сатылды. Енді алтын-валюталы активтерді сақтау мақсатында Ұлттық банк пен Ұлттық қор 2015 жылдың 5 қарашасынан бастап валюта нарығындағы қатысуын барынша азайту деген шешім қабылдады", - деп атап өтеді еліміздің басты қаржы институты.
Ұлттық банктың атап өтуінше, бұл осыған дейін хабарланған еркін теңге айналымына және инфляциялық таргеттеу саясатына өту керек деген бағытқа сәйкес келеді.
Олардың бағалауынша, аталған өзгеріс қаржылық тұрақтылық үшін еш қауіпті емес және Ұлттық банктың бағаны тұрақтандыру деген мақсатына қарсы келмейді. Қаржылай бақылау органы курстың үлкен ауытқушылықтарын реттеп отыру деген құқығын сақтап қалады. Теңге курсының алдағы өзгерісі сыртқы факторлар есебінен қалыптасатын болады.
Айта кетейік, осыған дейінгі Ұлттық банктың 2015 жылдың 6 қараша жоспарланған ақша-несие саясаты туралы отырысы кері шегерілді, өткізілуі мерзімі кейінірек хабарланады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024