Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Шадиевтің RBS (Kazakhstan) сатып алуына келісім берді

Ұлттық банк Шадиевтің RBS (Kazakhstan) сатып алуына келісім берді

ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы 25 ақпандағы №26 қаулысымен Орифджан Шадиевке «RBS (Kazakhstan)» ҮБ АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді.

Бұған дейін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ иесі Орифджан Шадиевтің Қазақстандағы RBS бизнесін сатып алғандығы туралы мәлімдемесі жайлы хабарлаған едік. Мәміленің соммасы мен келіссөздер қанша уақытты қамтығандығы жайлы ақпарат жария етілмеді.

О.Шадиев тарапынан мәміле консультанттары ретінде CMS Cameron McKenna, Sunberg Capital and SSH Tax & Legal Solutions шықты. RBS Group Plc консультанттары – Лондон мен Алматыдағы PwC және Dentons.

RBS - банк қызметтерін және өзге қаржы қызметтерін ұсынатын ірі британдық компания. Штаб-пәтері Эдинбург қаласында.

Ақпарат көзі: Kapital.kz.

Похожие материалы