Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - Бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев қазақстандық және шетелдік ақпараттық агенттіктердің редакторларымен кездесті.
Кездесуге қатысушылар елдің қаржы секторында байқалып отырған үрдістерді, инфляция деңгейіне, базалық мөлшерлемеге және валюталық бағамға әсер ететін факторларды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің коммуникациялық саясатын ресми емес жағдайда талқылады. «Ұлттық Банктің жұмысына дәстүрлі түрде жіті назар аударылуда. Біз ақпараттық бос кеңістік болмау үшін қоғамның сұратуларына жедел әрі сапалы ден қою қажеттілігін түсінеміз. Сондықтан қазіргі кезде біз медиакеңістікпен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі кездесу – осы бағыттағы кезекті қадам», - деді Д. Ақышев. Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің медиакеңістікпен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «Біз үшін ақша-кредит саясатын және қаржылық реттеуді жүзеге асыратын орган ретінде Ұлттық Банкке деген сенімді қалпына келтіру, сондай-ақ нарыққа қатысушыларға және халыққа, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Ұлттық Банк қабылдайтын шаралар туралы хабарлау аса маңызды болып табылады», - деп жалғастырды Д. Ақышев. Кездесуге қатысушылар өз кезегінде Ұлттық Банктің коммуникациялық саясаты ашық әрі айқын екендігін атап өтті. Д. Ақышевтың айтуынша, бұл ерекшелік ақша-кредит саясатын табысты жүргізу кепілдерінің бірі болып табылады, халықтың және нарыққа қатысушылардың тұтастай алғанда Ұлттық Банкке деген сенімін арттыруға әкеледі. Ең бастысы, оның пікірінше, коммуникациялық саясат қаржы-экономикалық тақырыптың жаңалықтарын Интернеттен БАҚ арқылы, атап айтқанда ақпараттық агенттіктер – жедел іскерлік ақпаратты негізгі жеткізушілер арқылы алатын жұртшылыққа түсінікті болуға тиіс. «Біз үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін деректердің объективтілігі мен шынайылығы сақталғаны аса маңызды. Транспаренттіліктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету халықтың Ұлттық Банкке деген сенімін арттыруға, инфляциялық және девальвациялық күтулерді төмендетуге және ақша-кредит саясатын барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Біз БАҚ-пен, жұртшылықпен және нарықпен барынша тиімді жұмыс істеу үшін коммуникациялық байланыстарды нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп қорытындылады Д. Ақышев. Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкіПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024