Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
"БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде теңгенің құнсыздануы мүмкін екені жайлы қауесеттердің салдарынан теңге тамыз айының басынан бері құбылмалы болды, - деді Ақышев.
- Ал расында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, ұлттық валюта бағамы ауытқыған жоқ. Қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. 22 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері 0,2 теңгеге нығайып, 333,8 теңге болды. Бүгін биржа 333 теңгемен аяқталды".
Қазіргі уақытта ақша айырбастау органдары долларды 333-334 теңгеден сатып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндаған болатын. "Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ", - деген еді Ұлттық банк төрағасы.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024