ҚР Ұлттық банкі валюта нарығына жасалатын интервенциялар көлемі мен мерзімдері туралы ақпарат бермей отыр. Осылайша олар алыпсатарлардың қолына түсуден сақтануда. Бұл жөнінде "Альпари" компаниясы сараптамалық департаментінің директоры Александр Разуваев мәлімдеді.
Оның айтуынша, пайда табуды көздеп отырған алыпсатарлар Ұлттық банк нақты мәлімдеме жасаса болды, нарықты билеп кетуі мүмкін. "Егер Ұлттық банк қандай да бір нақты соманы айтатын болса, нарық оны бірден ұғып алады. Сондықтан ол әзірге ешқандай мәлімдеме жасамайтын болуы керек. Меніңше, теңгенің еркін айналымы біраз уақытқа сақталады. Оның үстіне, экспортшы-елдердің басым көпшілігі мұнай бағасының 100 доллар болған деңгейіне қайта келеді деген сенімде", - дейді Разуваев. Разуваев мырзаның айтуынша, мұнай бағасы 100 доллардан аспайынша интервенция жалғаса бермек. Сондай-ақ, доллар бағамының нарықта орныққан күйі (270 теңге) әділетті деп санайды Разуваев. Ал, рубльдің теңгеге қатысты 1-ге 5 болып қайта ораларына күмән білдіріп отыр. Яғни, рубль курсы әлсіз күйінде сақтала береді дейді сарапшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024