Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық нарықта тұрақтылықты сақтау үшін өткізген валюталық интервенцияны қайта жалғастырды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлайды.
Сәрсенбіде жұмыс күні аяқталғаннан кейін Ұлттық банк 144 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізіп, "валюталық нарық қатысушылары жүргізген айлы-шарғы операцияларынан теңге айырбастау курсының құбылмалылығына байланысты" қор биржасындағы саудаға араласқандығын мәлімдеген еді. Осыдан кейін доллар бағамы 270 теңгеге дейін төмендеді. "17 қыркүйекте Ұлттық банк Қазақстандық қор биржасында 270,4 млн доллар көлеміндегі валюталық интервенция жүргізуді жалғастырды", - деп хабарлайды банктың баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Ұлттық банк доллар АҚШ/қазақстандық теңге валюталық жұбының саудасына қатысқан банктер тізімін жариялады. Сауда лидері осыған дейінгідей 66,5 млн доллар көрсеткішімен Халық банк атанды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024