Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк зейнетақы активтерін жеке компанияларға беру үшін заң жобасын дайындап жатыр

Ұлттық банк зейнетақы активтерін жеке компанияларға беру үшін заң жобасын дайындап жатыр

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық банкі зейнетақы активтерін салымшылардың таңдауы бойынша жеке компанияларға беру үшін заң жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

«Қазіргі уақытта үкімет пен бизнес-қоғам талқылап жатқан заңға қажетті түзетулер дайын тұр», - деді Данияр Ақышев баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, келісілген позиция тұжырымдалғаннан кейін қызығушылық танытқан жақтардың пікірімен санаса отырып заң жобасы қоғам мен парламенттің қаралымына ұсынылады.

Сонымен қатар, Ақышев зейнетақы активтері инвестиция портфелінің құрылымы туралы жарияланған есептің форматы егжей-тегжейлі қаралып жатқанын айтты.

«Қаржы инструменттерін сатып алу мерзімі туралы ақпарат пен инвестицияға қатысты басқа да детальдар қосылады», - деді ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Ұлттық банк жаңа зейнетақы активтерін бөлудің жаңа стратегиясын құрастырып жатыр.

Похожие материалы