Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Қаржыны инвестициялау туралы ұсынысты Ұлттық банк Қазақстан үкіметімен біріге отырып талқылайтын болады. Министрлер кабинеті квазимемлекеттік сектордың өнеркәсіптік және басқа да жобаларын қаржыландыруды ұсынып отыр дейді банктің баспасөз қызметінен.
"ҚР-ның "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес зейнетақы қаржысы Ұлттық қорды басқару бойынша Кеңес ұсынған бағыттарға жіберіледі. Бірақ қаржыландыру тек нарықтық пайыздық мөлшерлеме арқылы жүргізіледі", - деп атап өтті Ұлттық банктен.
Осы жылы БЖЗҚ қаржысын Қазақстандағы бірнеше жобаларға жіберу жоспарланған, оның ішінде отандық темір жол саласы да бар. "Бүгінде зейнетақы қорларының инвестициялау бағыты анықталған жоқ, әлі де Ұлттық қорды басқару бойынша Кеңестің қарауында жатыр", - деп түсіндірді қаржы реттеуіші.
Осыған дейін БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банкке және БЖЗҚ басшылығына 50 млрд теңгенің теміржол саласына бөлінуін түсіндіру туралы хат жазды. Бұған 20 ақпанда инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың зейнетақы қоырының 50 млрд теңгесі темір жол саласына бөлінеді деген мәлімдемесі себеп болды. Оның сөзінше, бұл қаржы темір жол саласын субсидиялауға жұмсалады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024