Астана, 23 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мекеменің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2016 жылы атқарылған жұмысын қорытындылап, 2017 жылға арналған басым міндеттерге тоқталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Министр 2016 жылы ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу тұрғысынан экономика үшін, қиын болғанын атап өтті. «Энергоресурстардың бағасы құбылмалы және тұтынушылық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, дағдарысқа қарсы шаралар мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы 1% ІЖӨ өсімін қамтамасыз етті», -деді Сүлейменов.
Оның айтуынша экономикалық өсімге серпін береген салалар: құрылыс секторы - 2,6%, көлік және логистика - 3,8% және ауылшаруашылығы - 5,5%. Экономикалық өсімге инвестициялық белсенділік те оң ықпал етті. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 5,1% өсіп, 7,7 трлн теңгені құрады. Бағаны тұрақтандыруға қатысты қабылданған шаралар нәтижесінде жылдық инфляция 8,5% құрады. 2015 жылы 13,6% болған еді. Жұмыссыздық деңгейі - 5%.
Алдағы жоспарды баяндай келе, Сүлеймеов 2017 жылы ішкі және сыртқы жағдайлардың біртіндеп оңалуына байланысты биыл экономиканың кейбір салалырына қатысты көрсеткіштерді қайта қарау жоспарланып отыр деді.
«Негізгі басым бағыттар: дәстүрлі тірек салалар – мұнай өндірісін Қашаған арқылы 79,5 тен 81 млн тоннаға ұлғайту; өнеркәсіпте қайта өңдеу саласын ИИДМБ жобалары және «Нұлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жалғастыру арқылы қайта өңдеуді 1,2%-дан 2,6%-ға ұлғайту; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы елдің транзиттік әлеуетінің 4%-ға өсуі» - деді министр.
Оның айтуынша аталған факторлар экономиканың даму қарқынын арттырады және биыл ІЖӨ өсімі 2%-дан кем түспейді.
«2017 жылы экономикада оң өзгерістер, жұмыспен қамту арқылы елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың табыс табуына жағдай жасау, экономикалық өсімді ынталандыру жұмыстары жалғасады» – деді.
Сүлейменовтің айтуынша «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты елдің 2025 жылға дейінгі даму стартегиялық жоспарын құрастыруға отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ауқымды жұмыс жүргізіледі.
«Бизнестің шығындарын қысқарту, оның ішінде энергетика, көлік, логистика және ТҮКШ бойынша кешенді жұмыс атқару жоспарланған. Сондай ақ, бсекелстікке кедергі келтіретін заңнама толық тексеріліп, олқылықтар анықталды» - деді министр.
Сүлейменов 2017 жылы ұлттық экономика министрлігінің жұмысы мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге және экономиканың бірқалыпты дамуы мен елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған Үкіметтің тапсырмасын тиімді әрі дер кезінде орындауға бағытталды деп атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024