2015-2017 жылдары Қазақстанда Ұлттық қордан 60 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлініп, 73 мектеп салынады деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
"Жалпы құны 61,9 миллиард теңге болатын 73 мектепті 2015-2015 жылдары Ұлттық қордың есебінен салу жоспарланған: 2015 жылы 14,3 миллиард теңге; 2016 жылы 23,09 миллиард теңге; 2017 жылы 24,5 миллиард теңге" деп атап өтілген министрлік хабарламасында.
Бұл жоспардың арқасында 57 мектептегі үш ауысымдық тәртіп жойылып, апаттық жағдайдағы 16 білім орнын жаңа мектептер баспақ.