Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық пантеонның құрылысы 2017 жылдың бюджетіне енгізілді

Ұлттық пантеонның құрылысы 2017 жылдың бюджетіне енгізілді

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — Ұлттық пантеонның құрылысы басымдық берілген республикалық инвестициялардың тізіміне енгізілді.  Бұл туралы қаржы министрі БақытСұлтанов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Kапитал.kz.

Министр «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның қалай жүзеге асырылатыны жайлы тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, 250,1 млрд теңгені құрайтын  басымдық берілген республикалық инвестициялар мен 113,1 млрд теңге көлеміндегі кейінге шегерілуі мүмкін инвестициялардың нақты тізімдері бекітілді.

«Жұмыс барысында 63,5 млрд теңгенің жобалары енгізілді. Бұл «Құрық» порты мен Ұлттық пантеонының құрылысы және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің кредиттері. Барлық жобалар бақылауға алынды», - деді қаржы министрі.

Пантеонның құрылысы бірінші кезекте 2,3 млрд теңге болады.

Бақыт Сұлтанов 2017 жылғы  147 мемлекеттік ғимараттың  жалпы сомасы 438,6 млрд теңгеге жетіп отыр.

Қаулы жобасына жергілікті атқарушы билік органдары 2016 жылы республикалық бюджеттен мақсатты трансферттердің сомасын (4,2 млрд теңге) 2017 жылы пайдалануы туралы  енгізілді.

«2017 жылғы нақтыланған бюджеттің толықтай орындалуын қамтамасыз ету үшін бюджеттік бағдарламалар мен әкімшіліктерге міндеттелген тапсырмаларды бүгінгі үкімет отырысының хаттамасына қосуды ұсынамын: қысқа мерзімде мақсатты трансферттер бойынша келімішарттарды жасауды қамтамасыз ету. Ал қаулыда көрсетілген мерзімде мемлекттік және өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты мақсатты трансферттерді толықтай үлестіру», - деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.

Похожие материалы