Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк 210 млрд теңге жуық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырды

Ұлттық банк 210 млрд теңге жуық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырды

Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық Банкі 208,3 млрд теңгенің валюталық ипотекалық займдарын қайта қаржыландырды. Бұл туралы реттеушінің хабарламасында жазылған.

Қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші блогы 2004-2009 жылдар кезеңінде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша банктер револьверлік тетікті есепке ала отырып, 167,2 млрд теңгеге 27 мың 68 қарыз мақұлданды, 151,5 млрд теңгеге 25 мың 664 қарыз қайта қаржыландырылды.

Екінші блок 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 71,1 млрд теңге сомасына 8 мың 156 өтінімді мақұлдады, 56,8 млрд теңге сомасына 6 745 қарыз қайта қаржыландырылды.

Похожие материалы