Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы Ғалымжан Пірматов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі геосаяси жағдай аясында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша реттеушінің қабылдаған әрекеттері туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың теңгелік салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекелдерді ескере отырып, ақша-кредит саясатын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы баяндалды.
Президентке валюта нарығындағы бүгінгі ахуал, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024