Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — 2020 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі банк инфляцияны қазіргі дәліздің төменгі шекарасына, 4-6% деңгейіне дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында хабарлады.
"2020 жылға қарай инфляцияны нысаналы дәліздің төменгі шегі - 4-6% деңгейіне төмендету міндетін қойып отырмыз. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан күш-жігер азық-түлік нарықтарында бәсекелестікті арттыруға және реттелетін қызметтердің тарифтерін тиімді бақылауға бағытталуы тиіс", - деді Ерболат Досаев.
Оның мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да инфляция 5,4%-ды құрады, бұл 4-6% мақсатты дәлізге сәйкес келеді. Инфляцияға 9,6%-ға қымбаттаған азық-түлік тауарлары, оның ішінде нан өнімдері мен жарма өнімдеріне бағаның 16,1%-ға, ет және ет өнімдерінің 13,2%-ға өсуі есебінен әсер етті.
"Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі орташа болды. Базалық мөлшерлеме ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюіне байланысты проинфляциялық факторлардың ықпалының сақталуы аясында негізінен 9,25% деңгейінде сақталды", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, 2019 жылы қоғам тарапынан жүргізілетін валюта саясаты мен ұлттық валюта бағамына баса назар аударылды.
"Өткен жылы (валюта бағамы) 2018 жылы 21% дәлізге қарағанда бір АҚШ доллары үшін 373-390 теңге шегінде ені 4,5% жеткілікті тар диапазонда болды. 2019 жылы теңге 0,4% нығайды, жыл соңында бір АҚШ доллары үшін 382,6 теңгеге дейін өсті, ал 2018 жылы 15,6% -ға әлсіреді», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.
Бұдан басқа, сыртқы нарықтардағы жағдайдың тұрақсыздығына және мұнайдың орташа жылдық бағасының 2018 жылы барреліне 71,7 доллардан 2019 жылы барреліне 64,2 долларға дейін төмендегеніне қарамастан, елдің жалпы халықаралық резервтері өткен жылы 2,3%-ға артып, 91 млрд долларды құрады, оның ішінде алтын-валюта резервтері - 29 млрд доллар, Ұлттық қор активтері – 61,9 млрд доллар.
Ерболат Досаев 2020 жылдың I тоқсанының соңына дейін 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясын әзірлеу аяқталатынын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024