Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкі Мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін ілкі режімде іске қосты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Ұлттық банк мәліметінше, сервис ұялы телефон нөмірімен түрлі банктердің клиенттері арасында және 24/7 режімінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді. Ол үшін ақша жөнелтушінің мобильдік қосымшада немесе өзінің жүйеге қатысушы банкінің Интернет банкинг жүйесінде ақша алушының мобильдік телефонының нөмірін, аударылатын ақша сомасын және ақша алушының банкін енгізуі қажет. Алушыға оның жүйеге қатысушы банктегі шотына ақша лезде есептеледі.
Жүйеде банктің шоты, төлем картасының және электрондық ақшаны пайдалану сияқты ақы төлеудің және банктер клиенттерінің тарапынан аударымды алуының түрлі құралдары бар. Бір транзакцияның ең жоғары лимиті 500 мың теңгені құрайды. Қатысушы банктер үшін жүйеде транзакцияларға қызмет көрсету тарифі транзакция сомасына қарамастан бір төлем (аударым) үшін 1 теңгеден аз болады.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану аясында жүйенің алғашқы қатысушылары «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) болып табылады. Басқа да бірқатар банктер жүйеге қосылу сатысында.
«Жүйеде көрсетілетін қызметтерді кезең-кезеңімен дамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P-аударымдар), келесі кезеңдерде заңды тұлғалардың пайдасына, оның ішінде QR-кодтарды пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер, сұрату бойынша төлемдер және басқа да төлем түрлері қолжетімді болады. Қазақстанда Мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін енгізу пайдаланылатын төлем құралына (банктік шоттар, төлем карточкасы, электрондық әмиян) және қызмет көрсететін банкке қарамастан түрлі қашықтықтан қол жеткізу арналары арқылы қолжетімді, халыққа және бизнес субъектілеріне қолайлы, жылдам, сенімді және арзан төлем қызметін көрсетуге бағытталған», - деп атап өтеді Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024