9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, теңге-доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі. Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды», – деп хабарлады ведомствада.
Теңге-доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс арналары арқылы уақтылы жеткізіліп отырады.