Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz — Ұлттық банк активтердің сапасын бағалаудан өтетін қаржы институттарының тізімін жариялады.
AssetQualityReview (AQR) процедурасын реттеуші осы жылдың 1 тамызында іске қосты.
"Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында активтердің сапасын бағалау үшін банктер тізіміне Халық, Сбербанк, Kaspi bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, АТФ банк, Еуразиялық банк, First Heartland Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Банк Хоум Кредит және Банк ВТБ Қазақстан кірді", - деп хабарлады қадағалау ведомствосында.
Сапаны бағалау қорытындысы бойынша реттеуші Үкіметпен бірлесіп, қаржы құрылымдарына арналған шаралар мен ұсынымдар қабылдау бойынша таяудағы екі-үш жылға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын жасайды. Процедураны ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, AQR өткізу тендерін басқару консалтингі саласындағы халықаралық компания - Oliver Wyman жеңіп алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024