Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ-на ерікті нысандағы түрлері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясын қайтарып алғаны туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамызындағы № 173 қаулысымен 2018 жылғы 28 тамызынан бастап:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк 12 айда екі және одан да көп рет) сақтамау, лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы 12 айдың iшiнде 2 рет) тоқтатыла тұру арқылы көрінген бұзушылықтар үшін «Сәлем» СК» АҚ ерікті нысандағы түрлері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясынан айырылды.
«Сәлем» СК» АҚ-қа қолданыстағы сақтандыру шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандырудың ерікті нысанындағы сақтандыру түрлері бойынша «Сәлем» СК» АҚ жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру шарттарын жасасуға тыйым салынады.
Сақтандырудың ерікті нысандағы түрлері бойынша бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша «Сәлем» СК» АҚ өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру керек және (немесе) сақтанушылармен жасалған сақтандыру шарттарын бұзу керек.