Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30 шілдедегі қаулысымен «Сәлем» сақтандыру компаниясының лизенциясы тоқтатылды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Лицензия биылғы 10 тамыздан бастап 2019 жылдың 10 ақпанына дейін тоқтатылады. Осы аралықта компания міндетті нысандағы сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыра алмайды.
Аталған шешім «Сәлем» СК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қабылданды.
«Сәлем» компаниясына лицензияны тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуға және жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде делдалдықты жүзеге асыруға тыйым салынады.
Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша «Сәлем» СК» АҚ өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024