Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың сәуір айының соңында айлық инфляция 0,5%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Азық-түлік тауарларының бағасы өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға өсті. Нан өнімдері мен кондитерлік өнімдердің қымбаттауының себебі - қант (2,4% -ға) және ұң бағасының (3,5% -ға) қымбаттауы.
Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуір айында экспорттық жеткізілімдердің артуы аясында ет және ет өнімдері бағасы өсті (0,9%).
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4%-ға өсті. Киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер мен автокөліктер бағасының өсуі азық-түлік емес тауарлардың инфляциясына жоғары қысым көрсетті.
«2019 жылдың сәуір айында қызметтердің бағасы 0,1%-ға өсті. Бағаның едәуір өсуі амбулаториялық, шаштараз, қоғамдық тамақтандыру, демалыс қызметтеріне белгіленді», - делінген хабарламада.
Бұл ретте, сәуір айында жылдық инфляция 4,9%-ға дейін өсті. Себеп азық-түлік тауарларының бағасының өсуі (7,1%) болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жыл ішінде 6,0%-ға, ақылы қызметтер - 1,2%-ға қымбаттады.
Ұлттық Банктің болжамдары бойынша 2019 жылы жылдық инфляция 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024