Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Ұлттық банк төл валютаның енгізілгеніне 25 жыл толуына орай «Теңгеге 25 жыл» монетасын айналымға шығаруға дайындалуда.
Үш монета шығарылады деп күтілуде. Олардың екеуі 1 кг және 62,2 грамм (2 унция) күмістен және 11,17 грамм салмақтағы никельден жасалған. Монеталарда алғаш рет екі жақты алтын жалату және сандық басып шығару технологиялары қолданылды.
Қадағалау органы күміс монеталардың дизайны ерекше екендігін айтады. Әзірге, монетаның айналымы және бағасы туралы ақпарат жоқ, ол туралы Ұлттық банктің сайтында жарияланады.
Жыл сайын 15 қарашада теңгенің туған күні атап өтіледі. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы 1993 жылғы 12 қарашада жарияланды. Үш күннен кейін, 1993 жылғы 15 қарашада теңге айналымға түсті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024