Ұлттық банк маңызды төлем қызметтерін жеткізушілер мен төлем жүйелері реестрін жаңартты. Бұл туралы ҚР ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда 19 төлем жүйесі тіркелген. Оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесі жүйелі түрде маңызды саналады, оның жұмысын ҚҰБ-тың қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы қамтамасыз етеді. Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы валюта нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, банк секторының және мемлекеттік бюджет төлемдерінің 91%-дан астамы төленеді.
Банкаралық клиринг жүйесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚҰБ реестріндегі маңызды төлем жүйелеріне жатқызылған. Бұл жүйе жүйелік маңызы бар төлем жүйесі мен төлем карточкаларын қоспағанда, бөлшек төлемдердің 50%-дан астамына қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, маңызды төлем жүйелеріне Visa мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі кіреді.
Банктік шот ашпай жеке тұлғалардың аударымдары жүзеге асырылатын халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің арасында «Золотая корона» жүйесі маңызды төлем жүйесіне жатады. 2021 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін ақша аударымдары жүйелерінің реестріне «Ria Money Transfer» төлем жүйесі енгізілді.
Қалған 14 төлем жүйесі өзге төлем жүйелеріне жатқызылған.
2021 жылдың қорытындысы бойынша, маңызды төлем қызметтерін жеткізушілердің реестрі де жаңартылды. Өздерінің маңызды төлем қызметтерін жеткізушілер мәртебесін екі жеткізуші сақтап қалды: төлем карточкалары нарығында және корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер мен аударымдар нарығында. Бір жеткізуші электрондық ақша сегментінде маңызды болды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024