Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы қыркүйектегі валюта нарығындағы ахуал туралы түсінік берді.
2018 жылғы қыркүйекте ішкі валюта нарығында ұлттық валютаның әлсіреуіне әкелген теңгерімсіздіктер едәуір күшейді.
Қазақстанға ішінара ғана тікелей қатысты әлемдік нарықтардан жағымсыз жаңалықтар ішкі валюта нарығына қатысушылардың және олардың клиенттерінің шамадан тыс ден қоюына апарды. Нәтижесінде шетел валютасына ұсыныстың төмендеуі аясында оған деген сұраныстың ұлғаюы байқалды.
Бұл ретте әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуал түрлі бағытта қалыптасты. Мұнайдың әлемдік нарығы бағаның өсуімен сипатталды, ол 2014 жылғы желтоқсаннан бастап ең көп мәндерге жетті. Қаржы нарықтары сауда қақтығыстарының күшеюі және әлемнің аса ірі экономикалары арасындағы шиеленістің өсуі арқылы дамыды. АҚШ-тың санкциялық және протекционистік саясаты, сондай-ақ Федералдық резервтік жүйенің мөлшерлемелерді арттырудың жалғасып отырған циклы дамыған нарықтардың пайдасына капитал ағындары бағытының өзгеруіне себепші болды.
Геосаяси оқиғалардың аясында Ресей рублінің әлсіреуі қыркүйектің басында ішкі валюта нарығына жағымсыз әсер еткен барынша маңызды сыртқы фактор болды.
Девальвациялық күтулердің күшеюін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк 2017 жылғы қазаннан бастап алғаш рет валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады. Мәселен, 2018 жылғы 5 – 7 қыркүйек аралығындағы кезеңде шетел валютасына ұсыныс болмаған жағдайда Ұлттық Банк 520,6 млн АҚШ долларын сатты. Бұл күндері Ұлттық Банктің қатысу үлесі валюта биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінен 80%-ға жуық болды, алайда тұтастай алғанда бір ай ішінде Ұлттық Банктің қатысу үлесі 13,6%-ды құрады.
Айырбастау бағамы құбылмалы болған жағдайда шетел валютасына объективті қажеттілік болмаған кезде Ұлттық Банк халыққа және ұйымдарға активтерді бір валютадан екіншісіне аударудан тартынуды ұсынады. Баға белгілеудің үдемелі шегінде валютаны сатып алу жинақ ақшаны жоғалту тәуекелін ұлғайтады.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024