Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Бүгін ҚР Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік «Quraq kórpe» және номиналдары 200 және 100 теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Айта кетейік, «Quraq kórpe» коллекциялық монетасы «Дала қазынасы» монеталар сериясына, ал «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монетасы «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясына кіреді.
«Quraq kórpe» монеталары түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
"Монетаның аверсінде (алдыңғы бет жағы) орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба бар. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек", - деп сипаттады Ұлттық Банкте.
Сондай-ақ, монеталардың сырт жағында (раверс) қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq kórpe» деген жазу, әзірленген жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.
Номиналы 200 және 100 теңге болатын «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарына келер болсақ, олар интерференциялық құбылмалы бейнелеу технологиясын қолдана отырып, мельхиор қоспасынан дайындалған.
- номиналы 200 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «рrооf-like» сапасымен дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 5 000 дана;
- номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «brilliant uncirculated» сапасымен дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы – 20 000 дана.
"Монеталардың аверсінде оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта ҚР Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «200 TEŃGE» және «100 TEŃGE» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған. Ал монеталардың реверсінде интерференциялық құбылмалы бейнелеуді және түрлі түсті басып шығаруды қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде «Kόbelek. Lasiommata maera» (латынша атауы) деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін «Kóbelek 2019» деген жазба бар", - деп сипаттама берді реттеуші.
Айта кетейік, монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024