Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық Банкі алтынының портфелі 2018 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша 347 тоннаны немесе 13,8 млрд АҚШ долларының баламасын құрайды. Бұл көрсеткіш бағалы металл қоры бойынша Қазақстанды 15-орынға шығарды.
" Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырған кезден бері Ұлттық Банк отандық өндірушілерден шамамен 226 тонна тазартылған құйма алтынды сатып алған" , - дейді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Алтын құймалары негізінен екінші деңгейдегі банктер – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және айырбастау пункттері арқылы сатылуда. Клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып, екінші деңгейдегі банктердің алтын кері сатып алуына болады. Бұл алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.
Алтын құймалардың 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрі бар. Бүгінгі күні банктер 195 килограмнан аса алтын сатқан.
Айта кетейік, жергілікті нарықта толық көлемдегі алтын құймаға (салмағы шамамен 12-13 кг.) сұраныс болған жағдайда, Ұлттық Банк халыққа мұндай құймаларды сатуға дайын. Сатылатын құймалар инвестордың портфеліндегі маңызды актив, әртараптандыру құралы бола алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024