Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта қорындағы доллар үлесі 12 жылда 21%-ға қысқарды. Бұл жайында Мәжілістегі «Ақжол» фракциясының депутаттық сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әртараптандыру мақсатында Ұлттық банк алтын-валюта резервтерінің құрамындағы АҚШ долларының үлесін бірте-бірте төмендетті. Егер 2006 жылы ол 67% болса, 2018 жылғы маусымның соңында 46%-ды құрады»,- деп атап өтеді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, шетел валютасына орналастырылған активтер инвестициялық тартымдылығы жоғары кредиттік рейтингпен расталатын дамыған және дамушы елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына, басқа қаржы құралдарына инвестицияланды. Мұндай тәжірибе активтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Валюталардың әр түріне орналастырылатын активтердің құрылымы өтімділік дәрежесін, кірістілік деңгейін, сондай-ақ жеке валюталарға шоғырландыру өсімін шектеуді көрсете отырып, үнемі ауысып тұрады.
«Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру шеңберінде жыл сайынғы кепілдік берілген трансфертті республикалық бюджетке қамтамасыз ету болжанады. Тиісінше, қор активтерінің бір бөлігі әдетте АҚШ долларында номинирленген барынша өтімді қаржы құралдарына инвестицияланады. Сондықтан АҚШ долларының Ұлттық қордың инвестицияларындағы үлесі Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріндегі үлеске қарағанда жоғары. Қазіргі уақытта ол 63%-ды құрайды», - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024